Бұқар жырау ауданына қарасты Құрылыс кентінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Бұл нысан Мемлекет басшысы өз сұхбатында атап өткен қайтарылған активтер есебінен салынды. Бұған дейін тұрғындар медициналық көмек алу үшін көршілес елді мекенге баруға мәжбүр болатын. Қазіргі таңда барлық қажетті медициналық қызметтер елді мекеннің өзінде қолжетімді. Толығырақ тілші Таңшолпан Мадиярқызы тарқатады.