Қарағанды қаласының пәтер кезегінде тұрған тұрғындар жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаға қатыса алады. Олар екіден бес пайызға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша көптен күткен тұрғын үй сатып алуына болады.Сәуір айының үшінен бастап 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту" тұжырымдамасы шеңберінде пәтерлерді тікелей брондау басталады.