Қарағандыда «АЛТЫН ҚАЗЫҚ - ӘЖЕТАЙ» облыстық байқауы өтті. Онда өңірдің түкпір-түкпірінен іріктелген әжелер бақ сынасты. Сайыс Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған. Шығармашылық жарысқа жиылған жұрт бұл күні «Достық үйіне» ағылды. Біздің түсірілім топ та сол кештің куәсі болып қайтты.