Ел көлемінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында дәстүрлі «Тазару күні» өткізілуде. Бұл бастамаға Қарағанды қаласының мәдениет қызметкерлері де өз үлесін қосуда. Майқұдық мәдениет үйінің ұжымы аумақты ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.