Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшаларды лицензиялау енгізіледі. Бұл – білім беру және баланың құқықтарын қорғау туралы заңға енгізілген өзгерістердің бірі. Мұндай шара мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Осы және басқа да заңнамадағы өзгерістер туралы мәжіліс депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Құдайберген Бексұлтанов балабақша басшыларымен өткен кездесуде талқылады.