Парламент Сенатының депутаты Серік Өтешов пен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрайымы Қадиша Оспанова Қарағанды медициналық университетінің ұжымымен кездесті. Сондай-ақ Пришахтинск шағын ауданындағы жоғары оқу орнының клиникасында болды. Онда ақ халатты абзал жандардың түйіткілді мәселелерін тыңдап, саланы дамытудағы мемлекет тарапынан берілетін жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.