Қарағандыда былтырдан бері облыс әкімдігінің қолдауымен полиция департаменті құрған отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді. Оның ерекшелігі-кешенді тәсілде. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек бір жерге біріктірілген. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев бұл тәжірибені басқа қалаларда да қолдануды тапсырды.