Қарағанды облысында өңірлік ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Орын қалалық ұйымды басқарған Ғабит Тұяқовқа бұйырды. Оның кандидатурасын төртінші пленумда бірауыздан қолдады. Шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев пен Республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытқожа Ізмұхамбетов те қатысты.