Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбалардан кейін жұмыстан босатылды. Онда ол студенттерге қол көтерген. Зардап шеккендердің ата-аналары оқу орнында әкімшілікпен кездесті. Мұғалімнің тәрбиелеудегі мұндай әдісіне наразылық танытты. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.