Қазақстандықтардың қаржы пирамидаларының тұзағына түсуі жалғасуда. Жыл басынан бері Қаржы мониторингі агенттігі 57 қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Алаяқтардың айла-амалдарына 21 мыңнан астам салымшы түскен. Жалпы көлемі 20 миллиард теңгеден астам шығынға ұшыраған. Бүгінгі таңда жәбірленушілерге 12 миллиард теңге қайтарылды.