Теміртау қаласында жаңа өрт сөндіру депосы ашылады. Оның қажеттілігі жайлы көптен бері айтылған еді. Мәселе облыстық әкімдіктің қолдауымен шешілді. Нысанға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барып, құтқарушылар үшін қандай жағдай жасалғанын көріп қайтты.