Биыл Қарағандыда 144 ағашты рұқсатсыз кескен Profinvest компаниясы жайлы шулы оқиға жұршылықты дүр сілкіндірген. Мәселеге бей-жай қарамаған белсенділердің арқасында іс сотқа дейін жетті. Сот өтті, шешім шықты. Міне, қоңыр күз келді, бірақ егілетін ағаш көрінбейді. Даулы істің жайы қалалық мәслихаттың кезекті отырысында талқылады.