Әйелдер гроссмейстері Меруерт Камалиденова Қарағанды облысы әкімінің бірінші ашық кубогында жеңіске жетті. Жоғары деңгейдегі халықаралық жарыс алғаш рет Қарағанды облысында өтіп отыр. Бәсекеге Қазақстан, Армения, Ресей, Үндістан, Швеция, Украина, Польша, Моңғолия, Испаниядан өз ісінің шеберлері жиналған. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне біздің түсірілім тобы да қатысты.