Осы жылы Приозерск қаласында 300 орындық мектеп салынады. Қазір жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға байқау жарияланды. Бұл, «жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша қолға алынбақ. Бұны Приозерск қаласының әкімі Маңсұр Ахметов брифингте мәлімдеді.