Теміртауда қазандықтар жылу маусымына толық дайын емес. 200 мыңнан астам тұрғыны бар металлургтар шаһары қыста жылусыз қалуы мүмін. Себебі екі бірдей қазандық жөнделіп бітпеген. Жағдайға алаңдаушылық білдірген «Amanat» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңес мүшелері жылу қазандықтарының жай-күйін бақылады.