Қарағанды облысындағы автбустардың базасы әбден ескірген. Жүргізушілер 80-ші, 90-шы жылдарда құрастырылған техникаларды  әлі тізгіндеп жүр. Алысқа баратындары қыста жолда қалады, қаладағылары тоқтаған жерінде өртеніп кетеді. Автопарктерде жаңа көліктердің  үлесі өте аз. Көбейтейін десе қаражат жоқ. Бұл жетіспеушіліктің салқыны жолаушыларға тиіп отыр. Олар аялдамада сағаттап тұруға мәжбүр. Толығырақ тілшіміз Ерік НАРЫН баяндасын.