Ерік НАРЫН, тілші:

-Өңіріміздің кәсіпкерлері құрылыс материалдары мен азық-түлікті ғана емес, керек болса жұмыскерлерді де жіберуге дайынбыз дейді. Бұл мақсатта арнайы қор құрылып жатыр екен. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер осы ниеттерін жүзеге асыру үшін аймақ басшылсығымен келіссөздер жүргізуде.

Ермек ӘБІЛДИН, Қарағанды облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы:

-Қазір тек Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар басқа да облыстарда зардап шеккен адамдар бар және өз тарапынан қарағандылықтардың атынан көмек көрсетуге дайын болу үшін қаржылық материалдық қаражат жинау қоры құрылуда. Тек құрылыс материалдарымен ғана емес, сонымен қатар азық-түлік және қаржы жібереміз. Сондай-ақ Қарағанды облысының периметрі бойынша блокпосттар салынған. Кәсіпкерлер оларға ыстық тамақ бергісі келді. Бірақ полиция мен әскерилерге ол қажет емес екен. Бұл тұрғыда оларда бәрі жақсы.

Азамат АЛТАЙБАЕВ, кәсіпкер:

-Қауымдастық жанындағы кәсіпкерлер ретінде Қаржы және құрылыс материалдары мен еңбек ресурстарына көмектесуге дайынбыз. Осы қиын уақытта біз бірігіп, көмектесуіміз керек.

Қарағандылықтар Оңтүстік өңірге материалдық көмек қана жібермейді, олар тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге қан тапсырмақ.

Ермек ӘБІЛДИН, Қарағанды облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы:

-Біз қан тапсырдық. Біз өз отандастарымыз үшін қолымыздан келген көмекті жасаймыз. Бұл мәселеде көбі қуана келісім берді.

Жаппай тәртіпсіздіктен Алматы ғана емес, еліміздің 9 өңірі зардап шекті. Жергілікті билік ғимарттары қирап, кәсіпкерлер шығынға батты. Шығын көлемі 93 миллиард теңгені құрады. Ал ҚР ішкі істер министрлігінің дерегінше ұсталғандардың саны 10 мыңға жуықтапты.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар