Аталған нысан шаһардың 75 жылдық мерейтойына орай   ашылды.   Мұнда спорттың бірнеше түрімен айналысуға мол мүмкіндік қарастырылған.   Спорт кешені елбасы,  Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр.  Оның  құрылысы 2019 жылы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қаржыландыруымен басталған.    Мұнда бір мезетте үш жүзден астам адамды қабылдай алады.

Марат МЕҢДІБАЕВ,  Теміртау қаласы  дене шынықтыру-сауықтыру кешініндегі   спорт бөлімінің жетекшісі:

-  Бізде ерлер және әйелдер арасындағы футбол ұйымдастырылады. Дәл солай валейболға да  қабылдаудамыз.  Баскетбол үйірмесін ашу да жоспарда бар.  Бұдан бөлек, еркін күрес, бокс,   жауынгерлік самбо, қазақ күресі, каратэ үйірмелері өз жұмысын бастап кетті.  Үстел тенисі, тоғызқұмалақ, шашки мен шахматты дамытамын  дегендер де осында келсе болады.

Ал, балалар үшін  спорт үйірмелері  тегін.  Бұл мақсатта  қаржыландырылу дене шынықтыру бөлімі мен қалалық әкімшілік  тарапынан ұйымдастырылады.    Спортты жанына серік етемін деген кез-келген жан  уақытын осында келіп тиімді өткізуге болады. 

Жұлдызай СЫЗДЫҚОВА, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы:

-Мен осы спорт кешенінде тоғызқұмалақтан  жаттықттырушы болып жұмыс жасаймын.  Жалпы  тоғызқұмалақ балалардың ойлау қабілетін дамытады.  біз балаларға қаржылық сауаттылықты үйретеміз Тоғызқұмалақ  бұл қазақтың ұлттық ойыны.

Есігін айқара ашқан жаңа спорт кешені Теміртаулықтар арасында бұқаралық спорттың дамыуына серпін бермек.   Балаларының уақытын  пайдалы өткізу үшін осындай жағдай жасалғанына ата-аналар да  ризашылықтарын білдіруде. 

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар