Сайын даланың сағым беліндегі бұл өзеннің атауы Бұланты. Еліміздің географиялық картасындағы жүздеген өзеннің бірі болғанымен, тарихи мәні жағынан олардан оқшау тұр.Өйткені, осы маңда 550 жылдық қазақ хандығының айшықты беттері жазылған.
Ел тарихында осындай елеулі орны бар жерге болашақта мынадай кешенді көркем ескерткіш орнатылмақшы. Бұл бабалар ерлігін дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты ұлттық тарихтың тағлымына тәрбиелеу мақсатынан туған шешім. Ескерткіш белгінің ашылуы тамыз айына жоспарланған.Жалпы, бұл орынның таңдалуы тегін емес.Айталық, күнгей бетінде ежелгі дың ескерткіші тұрса, теріскей тұсында қазақ руларының таңбалары салынған қалың қорым жатыр.
Тарих деректеріне жүгінсек, атақты «Жаужүрек мың бала» фильміне арқау болған оқиға осы маңда өрбіген. Демек, Бұлантының бұл тұсы қай жағынан алсаңызмда ұлттық тарихымызға тәу етер қасиетті орынға лайық. Айталық орыстар Бородиноны қалай қадірлесе, біздің де Бұланты шайқасына деген құрметіміз ерекше болуы тиіс. Бұрынғыдай жер алыс, ел шалғай дейтіндей емес. Жүрдек поезыңыз Байқоңырға келіп тұр.Ал ескерткіш белгі ауылдан жиырма шақырым жерде.
Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ