Балабақшадағы төлемақының өсуі - облыс орталығындағы барлық мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге аспақ. Бүлдіршіндердің тәлімі мен тәрбиесіне жауапты ұйымдар бұл жағдай азық – түлік бағасы қымбаттағаннан орын алды - дейді. Осыған дейін бөбекжайдағы тамақтану құны 11 мың теңгені құраса, бүгінде баға 14 мыңға жетті.
Наталья ГОЛОВИНА, Қарағанды қалалық білім бөлімінің меңгерушісі:
-Төлемнің өсуіне мәзірдегі шығындар есепке алынғаны себеп болды. Өнімнің шығындары есептелді. Бізде талаптар бар, соның аясында жұмыс жүргіземіз. 11 000-ға толыққанды тамақтануды ұйымдастыру мүмкін емес.
Мұндай өзгерістер бүлдіршіндердің ас мәзірін анағұрлым жақсартуы тиіс. Асхананың басы - қасында жүрген жауаптылар мәзірдегі тағам түрлері мол болғанын қолдайды..
Қарлығаш ҚҰЛПЕЙСОВА, «Алпамыс» балабақшасының мейірбикесі:
-Бізде 5 мезгілдік тамақтану болады. Таңертең ботқа, түскі мезгілдік тамақ және сағат 10 – да шырын, немесе жеміс береміз. Кешкі асқа жеміс пен көкеністерден жасалған ас түрлерін ұсынамыз. Аптасына екі рет балықтан жасалған тағамдар да болады.
Біз тілдескен мемлекеттік балабақша басшылығы бағадағы өзгеріс үш жылда алғаш рет орын алып отырғанын жеткізді. Сондықтан, ұпайы түгенделген мекеме мамандары өзгеріс - қалыпты жағдай, қарсылықтың болуы орынсыз екенін алға тартты.
Майя МУСИНА, «Алпамыс» балабақшасының маманы:
-Біздің бөбекжайда ата – аналардан комиссия құрылған. Ас мәзірі үнемі таныстырылады. Алдын – ала жұмыс жасаймыз. Ата – аналар тарапынан кемшіліктер, ескертулер болған жоқ. біздің ата – аналарымыз үнемі қуанышты.
Ал, ата – аналар болса өз кезегінде байыбына бармай байбалам салудан аулақ. Бала үшін тірнектеп жинаған соңғы тиынын аямайтындар тамақтану сапасы жақсарса, – дейді.
Десе де, баға өзгерісіне қарсылық танытқандар да жоқ емес. Балабақшаға бір емес, бірнеше баласын апаратын жанұялардың бюджетіне бұл жағдай жүк түсірмек.
Қазіргі таңдаәрбір мектепке дейінгі ұйымда ата – аналардың қатысуыменарнайы комиссиялар құрылған.Олар өнімдердің сапасы мен тағам дайындау барысын жіті бақылауға құзырлы. Егер бүлдіршіннің тамақтануына қатысты қандай – да бір сұрақ туындаса, осы сипаттағы барлық ақпаратты білім бөлімінің www.kargoo.gov.kz порталына жолдауға болады.
Аягөз ТҰРСЫНБАЙ, Мұрат ТӨКЕНОВ, Аман ХАМИТ