Негізгі Басшылық Күләнда Қайроллақызы Темірбаева
Күләнда Қайроллақызы Темірбаева

Күләнда Қайроллақызы Темірбаева

Эфирді талдау және шығару бөлімінің жетекшісі

Темірбаева Күләнда Қайроллақызы 1976 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Жараспай ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құжаттау және құжаттама басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

07.1994-12.1997 жж. - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы Қарағанды облыстық бөлімшесі, хатшы.

01.1998-05.1999 жж. - «Сары-Арқа» (Әділет жаршысы) газеті редакциясы, оператор-теруші.

05.12.2000 ж. қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы. Референт-іс жүргізуші, жауапты шығарушы, редактор-координатор, эфирді шығару және талдау бөлімінің жетекшісі.

2023 ж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.



Бөлісу