Садықанов Жәнібек Махмұтұлы 1977 жылғы 20 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың экономикалық факультетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша және филология факультетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қарағанды маргарин зауытында бастаған. 1998–2000 жылдары «Карагандинский Вестник» газетінде тілші болып жұмыс істеді. 2000 жылы «Новый Вестник» газетінде тілші болды.
2000–2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 2006–2007 жылдары Қарағандыдағы «ТВК» телеарнасының директоры болды.
2007 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды филиалында жарнама бөлімінің аға менеджері, кейін 2008 жылдан бастап бас менеджері қызметін атқарды. 2009 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін директордың орынбасары.
2014 жылы өңірде танымал «Обсудим» ток-шоуының жүргізушісі болды. 2015–2016 жылдары облыстық басқарма, департамент басшылары және түрлі деңгейдегі әкімдердің қатысуымен тікелей эфирде брифингтер өткізді. «Прошу слова» тележобасының авторы әрі жүргізушісі.
Қоғамдық қызметі: Қазақстан Журналистер одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып сайланған.
2025 жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды облыстық Қоғамдық кеңесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Марпаттар: «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан» РТРК» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған.