Момбеков Аблай Бейсенұлы, Қарағанды облысында дүниеге келген.
2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық филиалында бейнеинженер лауазымынан бастаған.
2019–2020 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық филиалында жүйелік әкімші лауазымын атқарған.
2020 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық филиалының бас инженері лауазымын атқарады.