Жұрағат Баман 1988 жылы 12 сәуірде Ақмола облысы Көкшетау қаласында туған. 2007–2008 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, халықаралық қатынастар факультеті, мамандығы – тарих және құқық, қазақ тілі мен әдебиеті; 2008–2013 жж. – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын тәмамдаған.


Еңбек өтілі:

01.01.2008 – 10.02.2010 жж. – «Көкшетау» қалалық газеті, тілші,

10.02.2010 – 20.03.2012 жж. – Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті, тілші

10.10.2012 – 2013 ж. – «Қазақстан» РТРК, арнайы жобалар бөлімінің редакторы

08.01.2013 – 2014 ж. – «Астана ТВ» телеарнасы, тілші

01.12.2015 – 2015 ж. – «Хабар» агенттігі, тілші

27.08.2018 – 2018 ж. – «Хабар 24» телеарнасы, шығарушы редактор

01.06.2020 – 2021 ж. – «Хабар 24» телеарнасы, бас редактор

02.03.2021 – 2022 ж. – «Хабар 24» телеарнасы, шеф-редактор

01.02.2022 – 04.11.2025ж «Астана ТВ» телеарнасы, ақпараттық-талдамалық бағдарламалар директоры

2025 жылдың 04 қарашасынан “Saryarqa” телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

 

Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегіүшін» медалі (2024), Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттары, «Ақпарат саласының үздігі» медалі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған медаль, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі Төрағаларының грамоталары, «Amanat» партиясы Төрағасының грамоталары, «Нұр Сұңқар – 2019» үздік тележурналист