Ұлыстың ұлы күнін Нұра ауданы жұртшылығы да шат-шадыман көңіл күймен қарсы алды. Халық қаз қатар тігілген киіз үйлерден дәм татып, ұлттық ойындарды тамашалап, көңіл көтерді. Біздің түсірілім тобы аудандағы халықтың мерекелік көңіл-күйі мен керемет көріністердің куәсі болып қайтты.