Нұра ауданында халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзік жандыларға саяхат ұйымдастырылды. Елдің дамуы мен ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген аналар қауымы Астана төрінде бірқатар нысанды аралып, тарихи жәдігерлермен танысып рухани азық алып қайтты. Тақырыпты тілші тарқатсын.