Еліміз бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы Қарқаралы ауданында да жалғасуда. Мемлекеттік қызметкерлер мен белсендіі азаматтар сенбіліктерге шығып, көшеттер отырғызуда. Одан бөлек, ескерткіштер мен киелі орындар аумақтары тазартылуда.