Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы Ауған соғысы Кеңес Одағы тарихының қаралы беттерінің бірі. Биыл ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанның 35 жылдығы. Бөтен елдің мүддесін он жылға жуық қорғаған Ауғанстандағы шектеулі әскер құрамында Қазақстаннан мыңдаған жауынгер интернационалдық борышын өтесе солардың бірі «қара майор» атанған Борис Керімбаев еді.