Су тасқынынан зардап шеккен Шет ауданының тұрғындарына үйлер сатып алынды.Баспанасы қызыл су басып, жарамсыз болып қалған бес отбасы өздеріне үй таңдады.Олар бюджет қаражаты есебінен сатып алынды. Алдағы күндері тағы бір отбасына жаңа үй салына бастайды. Олардың ауылында сатылатын үй болмағандықтан жаңасын салу туралы шешім қабылданды.