Ақтоғай ауданында да Әз -Наурыз мейрамы айрықша нақышта мерекеленді.Ұлыстың ұлы күні өлкеде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар жалауын желбіретті. Көпшіліктің назарына мазмұнды, мағыналы қойылымдар ұсынылды. Ақтоғайлық ағайынның ақ түйенің қарны жарылған сәттегі көлдей көңіліне әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы куә болып қайтты.