«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі білікті мамандардың ұстаханасына айналған оқу орны. Білім беру мекемесі компанияның Балқаш алаңындағы өндіріс орындарын сапалы кадрлармен қамтып отыр. Бүгінде политехникалық колледжде 400-ден астам студент білім алуда. Жыл сайын оқу ордасын 100-ден аса түлек тәмәмдайды. Ерекше атап көрсетерлігі, олардың барлығы тұрақты жұмыспен қамтылады.