WhatsApp желісіндегі чаттардың көмегімен полицейлер мал ұрлығын әшкереледі. Теміртаудағы блокбекетте патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 45 бас жылқы тиелген жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында олардың бір бөлігі ұрланғаны анықталды.