Жиырма жеті жылдық еңбек өтілі бар ұстаздың әр сабағы – шәкірт жүрегіне қалдырған із. Жанат Айтжанова үшін мектеп – екінші үй, ал оқушылар – өз баласындай жақын. Балқаш қаласында алғаш қазақ сыныбын ашып, ұлттық білімнің дамуына үлес қосқан ұстаз.