Қарағандыда бүгін достық пен ынтымаққа негізделген айтулы шара өтті. Достық үйінде өткен жиын республикалық грек мәдениеті фестивалі аясында ұйымдастырылды. Кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Понтос» грек мәдени орталығының 30 жылдығына арналды.