Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды. Депутаттар атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті тыңдап, қалалық бюджетті және бірқатар әлеуметтік-шаруашылық мәселелерді қарастырды. Жиынға қала әкімі мен орынбасарлары, аудан әкімдері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.