Халықаралық қарттар күніне орай Қарағанды облыстық «Ауыл» партиясы ардагерлер мен жастардың басын қосып, кездесу ұйымдастырды. «Жасанды интеллект – барлық жасқа қолжетімді» атты шарада ұрпақтар сабақтастығы көрініс тауып, қарттар заманауи цифрлық технологиялармен және олардың күнделікті өмірде қолданылу мүмкіндіктерімен танысты.