Теміртауда «Мерейлі отбасы» байқауы биыл 11-ші рет ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жоба – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Осы уақыт ішінде байқауға 100-ден астам отбасы қатысқан.