Президент тапсырмасына сәйкес ішкі туризм мен ауылдық аумақтарды дамыту бағытында Қарағанды–Қарқаралы тас жолы жөнделіп, оң нәтижесін берді. Бүгінде демалушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Осы ретте Қарқаралы ауданына ұйымдастырылған пресс-тур барысында журналистерге өңірдің әлеуеті мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.