Негізгі Жаңалықтар Жаңа автомагистраль Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты тікелей байланыстырады

Жаңа автомагистраль Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты тікелей байланыстырады

Қарағандыда жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кең көлемде жалғасуда. Биыл Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты тікелей жалғайтын жаңа автомагистральдің құрылысы басталды. Бұл бастама қаланың орталық көшелеріндегі көлік жүктемесін едәуір төмендетіп, жол кептелістерін азайтады. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапары барысында жол құрылысымен танысып, нысандардағы жұмыстардың сапасын тексерді.


Бөлісу