Білім беру бюджеті жыл сайын артып келеді. Биыл Қарағанды облысында оқу-ағарту саласына 239,9 млрд теңгеден астам қаржы құйылған. Бұл былтырғыдан 25 млрд теңгеге артық. Соңғы 10 ай ішінде жасалған жұмыстар жайлы Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің брифингінде баяндалды.