Қарағанды облысында "Ауыл аманаты" жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындарына бизнесті дамытуға жалпы сомасы 3,8 миллиард теңгеге 494 шағын несие берілген. Бұл 686 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ауыл кәсіпкерлігінің әлеуеті мен тежеуші факторлар туралы Amanat партиясының өңірлік филиалында өткен семинар-кеңесте айтылды. Оған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев қатысты.