"Ғылым мен өндірістің интеграциясы". Осы атаумен Қарағанды индустриялық университетінде тау-кен металлургия өнеркәсібі бойынша ғылыми-инновациялық хакатон басталды. Ғалымдар, өнеркәсіп өкілдері және менеджерлер тек «Qarmet» зауыты үшін ғана емес, отандық өнеркәсіп үшін ғылыми-технологиялық шешімдерді іздеу және әзірлеу үшін жиналды.