Мемлекеттік қызметшілер жұмыста адалдық, әділдік, қарапайымдылық секілді негізгі іргелі құндылықтарды ұстануы тиіс. Сондай-ақ, халық алдындағы жауапкершілік қашанда маңызды. Осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің департаменті жиын өткізіп, сала жұмысын жандандыруға кері әсер тигізетін мәселелерді талқылады.