Бала жасынан ана атанғандар азаймай тұр. Мәселен, аймағымызда кейнгі он айдың өзінде кәмілет жасқа толмай жүкті болғандардың саны 52-ге жетіпті. Оның отыз бірі босанып, тоғызы түсік жасатқан. Әйелдеріне күш көрсететіндер де артып келеді. Бұл деректер «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деп аталатын әлемдік акция аясында өткен облыс әкімдігіндегі жиында айтылды. Оған балалар мен әйелдердің қауіпсіздігіне жауапты органдардың өкілдері қатысты. Толығырақ тілшіміз Ерік НАРЫН айтып берсін.