Жезқазғанды газдандыру бастамасы жоспардан кешіктіріліп жатыр. Кейбір нысандардың құжаттары дұрыс болмай жатса, негізгізгі себеп: тұрғындардың көгілдір отынды үйлеріне тартуға қаржысы жоқ. Қазір газ тарататын желілер көп жерде орнатылды. Кезек тұтынушыларда. Естеріңізде болса, ұзындығы 1000 шақырымнан асатын «Сарыарқа» газ құбыры магистралінің 27 шақырымы мысты қала арқылы өтеді. Өңірді 100 пайыз газға қосу 3 кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Айзада Оразханқызы тарқатсын.