Жақсы¬лыққа ниеттенсең, маңдайын терлеп еңбек етсең, қиын¬дық¬тың бәрін жеңуге болады. Тіпті мемлекетке масыл болу бүгінгі кейіпкеріміздің бойына жат. Балқаш қаласына қарасты Гүлшат кентінің тұрғыны Феруза Шохметова отбасылық кәсіпті өркендетіп, өңірге өң берді. Оның дәмханасынан күніне 80 адам тамақтанады. Еңбек деген байлыққа ерінбеген жететінін білген кәсіпкермен біздің түсіру тобымыз елден ерек тілдесті.