Математика ғылымын түсіну үшін оқушыны сергітіп, сабақты түрлі ойындар арқылы өткізу абзал. Бұл Нұра ауданына қарасты Баршын ауылындағы мектеп мұғалімінің тәсілі. Гүлшат Баймұхамбетова жас та болса, осындай әдісімен шәкірттерін күрделі пәнге баулып жүр. Ұстамы мықты ұстаз жайлы Гүлбақша Ақажанова баяндасын.