Балаларға көрсетілетін паллиативтік көмек ісін жетілдіру қажет. Бұл мәселе  Қарағанды медициналық университетінде өткен  дөңгелек үстел барысында талқыланды. Оған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары да қатысты. Айта кетсек, халық қалаулылары арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру жөнінде жұмысттарды  жалғастыруда.