«Ұлы Дала Жорығы» бәйге-марафоны 5-ші айналымын Ұлытаудағы Жошы хан кесенесінің маңында аяқтады. Бұған дейін  шабандоздар Алаша хан кесенесінің басында құран бағыштады. Астанадан бергі 500 шақырым жолды 95 сәйгүліктің 35-сі ғана еңсерді. Өкініштісі, Қарағанды мен Ұлытау облыстарының командалары аттарының жарамауы себебінен жорықты тоқтатуға мәжбір болды. 5 күн жолда болған марафоншылармен өңірдегі тілшіміз Айзада Оразханқызы тілдесіп қайтты.