Приозерск қаласында биыл 90 адам баспаналы болады. Сондай-ақ, бұрын-соңды болмаған орталық саябақ салынады. Қазіргі таңда «жасыл қала» атауынан айырылып бара жатқан шаһарда көгалдандыру жұмыстары жанданып келеді. Осы және өзге де бағытта атқарылған жобалар жайында Приозерск қаласы әкімінің кезекті есеп беру кездесуінде айтылды.